Талдықорған қаласындағы жағажай аумағынан ер адамның мәйіті табылып, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қалалық жағажайдан табылған ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты Жетісу облыстық полиция департаменті тұрғындар мен өңір қонақтарын су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
«Шомылу кезінде алкогольдік ішімдік ішпеңіздер, арнайы жабдықталған әрі қауіпсіз аймақтардан тыс жерде суға түспеңіздер. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыздар», – деп ескертті ведомство.