Таиландта жоғалып кеткені айтылған қазақстандық рэпер Дархан Жұмабекке қатысты жаңа ақпарат шықты. Көпшілікке Кисло-Сладкий лақап атымен танымал әншінің табылғанын Салауат есімді кәсіпкер Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ult.kz dalanews.kz сайтына сілтеп.
Оның айтуынша, қазір Дархан ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Кәсіпкер рэпердің тағы бір тәулік ем алып, қалпына келген соң өзі эфирге шығып, болған жағдайды түсіндіреді деген үмітін жеткізді.
"Іздеген, алаңдаған, көмектескен әр адамға рақмет. Ең бастысы – адам табылды және қауіпсіз жерде. Адам болған соң бәрі болады. Маңыздысы – бәрі жақсы аяқталды", – деп жазды ол.
Сондай-ақ кәсіпкер жұртты жалған ақпаратқа ермеуге, тек сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырды. Ол Дарханға тезірек сауығып, жақындарының ортасына оралуын тіледі.