Шымкентте көпбалалы ана қала әкімі Ғабит Сыздықбековке баспана мәселесі бойынша тікелей өтініш жасады, деп хабарлайды ult.kz.
Әйел көпбалалы ана екенін айтып, әкімнен үй беруді сұрады. Ол өтінішін ел алдында айтып, көмек көрсетуін сұрады.
Өз кезегінде қала әкімі мәселе заң аясында шешілетінін жеткізді.
«Сізді түсінемін. Бірақ мүмкіндіктерге қарау керек. Әкімге жылап келсе болды, бәрі шешіледі деген түсінік болмауы керек. Мен сізге заңда қалай көрсетілсе, сол тәртіппен жауап беремін», – деді Ғабит Сыздықбеков.
Әкім кей азаматтардың өзіне-өзі қол жұмсаумен қорқытатынын да айтып, мұндай жағдайларда әр мәселе заң аясында қаралуы керегін атап өтті.