Шымкентте 700 млн теңгені жұтқан қаржы пирамидасы әшкереленді

Шымкентте 700 млн теңгені жұтқан қаржы пирамидасы әшкереленді
fingramota.kz

Шымкентте «Капитал» атауымен жұмыс істеген, инвестициялық жоба ретінде жасырынған қаржы пирамидасы әшкереленді, деп хабарлайды ult.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті құрылым әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды тартып, қысқа мерзімде жоғары табыс уәде еткен.

Алаяқтар тұрғындардан 20 мыңнан 500 мың теңгеге дейін қаражат қабылдап, 3–5 күн ішінде салым сомасының 30–50 пайызын қайтаруға уәде берген. Алайда барлық уәделер ауызша айтылып, ресми келісімшарт жасалмаған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, жаңа қатысушылардан түскен қаражат бұрынғы салымшыларға «табыс» ретінде төленіп отырған. Бұл классикалық қаржы пирамидасының схемасы екені анықталды.

Қазіргі таңда аталған схемаға 900-ден астам азамат тартылып, жалпы залал көлемі 700 миллион теңгеден асқан. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.