Сұлтан адвокат көмегімен жазадан құтылмақшы: Адвокат неге жалған сөйледі?

Сұлтан адвокат көмегімен жазадан құтылмақшы: Адвокат неге жалған сөйледі?
Фото: ult.kz

Атыраудағы трагедияда тағы бір мәселе туындады. Бұл туралы журналист Жанат Молдашова айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Ол бірінші сот отырысында Сұлтан Сәрсемәлиевтың адвокатынан «сотталушы жалдады ма, әлде мемлекет тарапынан берілген қорғаушысыз ба» деп сұраған. Адвокат мемлекет тарапынан қызметке кіріскенін айтып еді.

Алайда, кешегі сот отырысында әңгіме басқаша өрбіді. 
Бұл жолы адвокат сұрақтан жалтарып, оның қызметі адвокаттық құпия екенін айтты. 

Ал журналист Атырау облыстық сотынан сұрастырып, адвокатты Сұлтан Сәрсемәлиев жалдағанын білді.