Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Сүйіктісін өлтіріп, ақшасын досына аударған: Астанадағы жігіт 10 жылға сотталды

Сүйіктісін өлтіріп, ақшасын досына аударған: Астанадағы жігіт 10 жылға сотталды
t.me/kozachkow

Астанада Владислав Андрюшкин есімді жігіт сүйіктісі Алинаны өлтіріп, оның жинаған ақшасын досының есепшотына аударған. Қылмыстан кейін ештеңе болмағандай әрекет еткен ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, Алина мен Владислав биыл қаңтарда интернет арқылы танысқан. Алайда көп ұзамай қыз қарым-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған. Ол Таиландқа сапарға дайындалып, жолға ақша жинаған.

4 ақпанда екеуі қайта кездесіп, бірге уақыт өткізген. Кейін қыз тұрып жатқан пәтерге барған. Сол жерде Владислав оны өлтірген. Артынша марқұмның банк шотындағы ақшаны досының есепшотына аударып, таксимен кетіп қалған.

Келесі күні күдікті досынан ақшаны қолма-қол шешіп беруді сұраған. Таразға кетпек болған ол жолда ұсталды. Ал Алинаның денесін жақындары пәтерінен тапқан.

Сотта Владислав кісі өлтіру айыбын абайсызда адам өліміне әкеп соғу бабына ауыстыруды сұраған. Алайда сот қылмыстың қасақана жасалғанын анықтап, оны 10 жылға соттады. Үкім заңды күшіне енген.

Марқұмның әпкесі Александра жазаның тым жеңіл екенін айтып, сот шешімімен келіспейтінін жеткізді. Оның сөзінше, сотталған адам бір күні бостандыққа шығады, ал оның сіңлісі енді ешқашан оралмайды.