Freedom Inside '26

СҚО-да 13 жастағы қызға зорлық көрсетілді деген ақпарат тарады

СҚО-да 13 жастағы қызға зорлық көрсетілді деген ақпарат тарады
Фото: freepik

Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қыз түні бойы зорлық көрді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Halyqstan Telegram арнасы⁠ның мәліметінше, оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында болған болуы мүмкін.

Жарияланған ақпаратта 1 шілде күні кешкі уақытта 13 жастағы қыз дүкеннен шыққан сәтте көрші ауылдың тұрғыны мотоциклмен келіп, серуендеуге шақырғаны айтылады. Қыз келіскеннен кейін, ауыл тұрғындарының сөзінше, ол түні бойы үйіне оралмаған.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың айтуынша, қызды түні бойы іздеп, келесі күні таңертең елді мекеннен тыс жерден тапқан. Ал күдікті шамамен 40 жастағы ер адам екені айтылуда.

Бұл ақпаратқа қатысты әзірге құқық қорғау органдары ресми түсініктеме берген жоқ.