«Сөзімді бұрмалады»: Басы дауға қалған көрші Жан Ахмадиевті кінәлап отыр

«Сөзімді бұрмалады»: Басы дауға қалған көрші Жан Ахмадиевті кінәлап отыр
Коллаж: видеодан кадр

Танымал журналист Жан Ахмадиев Меркіде қаза болған 19 жастағы Мадинаның қайын жұртына барып, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысқан, деп хабарлайды ult.kz.

Алайда марқұмның ата-енесі журналистке сұхбат беруден бас тартқан. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары жазды. 

Осыдан кейін журналист марқұмның қайын жұртымен көрші тұратын тұрғынмен сөйлесіп, Мадинаның отбасы туралы пікірін сұраған.

Көршісінің сөзінше, Мадияр мінезі жуас адам болған. Ол ерлі-зайыпты арасында жанжал болуы мүмкін екенін айтып, ер адамның әйелін ұруын қалыпты жағдай ретінде қабылдайтынын аңғартқан.

«Көрші тұрсақ та Мадияр — жуас бала. Ашумен ұрса, ұрған да шығар. Еркек болған соң ұрады ғой. Ұрғанда да өлтіріп ұрғанын көрмеймін мен. Отбасы болған соң айқайласып, ұрысқан шығар», – деген көрші.

Алайда оның сөздері елдің ашуын тудырды. Ал бүгін осы әйел ел алдына шығып, журналистер сөзімді бұрмалады деп отыр.

“Ұрса ақырындап ұрған шығар”… Мадина Рашидқызының көршісі блогер Жан Ахмадиевке сұқбат берем деп басы бәлеге қалды. “Менің сөздерімді кесіп, қиып, бұрмалап жіберді” деп ренжіп отыр”, - деп жазды Qogam.news.