Синди Кроуфордтың 27 жастағы ұлы Пресли Гербер қайтыс болды

Синди Кроуфордтың 27 жастағы ұлы Пресли Гербер қайтыс болды
ашық дереккөз

Әлемге танымал модель Синди Кроуфорд пен кәсіпкер Рэнди Гербердің ұлы, модель Пресли Гербер 27 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ult.kz.

Пресли Гербердің қайтыс болғанын отбасының өкілі растаған. Лос-Анджелес округінің медициналық сарапшысы оның 20 қыркүйекте оңалту орталығында көз жұмғанын хабарлады. Әзірге өлімінің нақты себебі жарияланған жоқ.

Отбасы өкілі жақындарының жеке өміріне құрметпен қарауды сұраған.

Пресли Гербер анасы мен қарындасы Кайя Гербер сияқты модельдік мансаппен айналысқан. Ол 15 жасында IMG Models агенттігімен келісімшартқа отырып, 2016 жылы Moschino сән көрсетілімінде подиумға шыққан. Кейін Calvin Klein, Dolce & Gabbana, Celine және Pepsi сияқты танымал брендтермен жұмыс істеген.

Пресли бұған дейін психикалық денсаулық мәселелері мен тәуелділікпен күресі туралы ашық айтқан. Ол әлеуметтік желідегі жазбаларында өзінің басынан өткерген қиындықтарымен бөлісіп, психикалық саулық туралы ашық сөйлесуге шақырған.

Соңғы уақытта Пресли оңалту орталығында болған. Алайда қазіргі таңда оның өліміне нақты не себеп болғаны белгісіз.

Синди Кроуфорд пен Рэнди Гербердің отбасы бұл ауыр кезеңде жеке қалуға мұрсат беруді сұрады.