Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты


Шымкент қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 27 тамызда сағат 18.02-де Қаратау ауданындағы Нұрсәт-2 шағынауданында орналасқан №20 тұрғын үйде болды. Тоғызыншы қабатты тұрғын үйдің 2 және 9 қабаты аралығындағы аумағы 55 шаршы метрді құрайтын сыртқы қаптама мен сегізінші қабаттағы №48 пәтерде ас үйдің 18 шаршы метрі өртенген. 

«Өрт 18.30-да ауыздықталып, 18.48-де толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттен барлығы 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында 8-і бала. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті (28 қызметкер мен 7 техника), медициналық апаттар орталығы (3 қызметкер мен 1 техника) мамандары болды», - деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада.