Астанада мас ер адам лифтіні қиратып, іш киімін шешіп, арбаға дәрет сындырмақ болған

Астанада мас ер адам лифтіні қиратып, іш киімін шешіп, арбаға дәрет сындырмақ болған
видеодан скриншот

Астанадағы «Айбике» тұрғын үй кешенінде мас күйдегі ер адам жанжал шығарып, лифтіні бүлдірген. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Криминальный Казахстан telegram арнасының жазуынша, куәгерлер ер адам лифтіні теуіп, сындыруға әрекет жасағанын айтады. Сондай-ақ балалар арбасын құлатып, іш киімін шешіп, арбаға дәрет сындырмақ болған.

Бұдан кейін ер адам бөтен пәтерге кіріп кеткен. Тұрғындар оны күшпен сыртқа шығарып, әрекетін тоқтатуға мәжбүр болған.

Оқиғаға алаңдаған тұрғындар үйдегі қауіпсіздік мәселесіне назар аударуды сұрап отыр.

Қазіргі уақытта полицияның ресми түсініктемесі күтілуде.