Алматылық балуан Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды ult.kz.
12–18 қазан аралығында өткен әлем біріншілігінде Мерей Қазақстан намысын 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қорғады. Финалда түркиялық Бекир Кесерді таза жеңген Мерей Базарбаев әлем чемпионы атанды.
Алматылық спортшы турнирдегі барлық белдесуінде жеңіске жетті. 1/8 финалда америкалық Люк Лилледальді 3:1 есебімен ұтса, ширек финалда Франция өкілі Расул Галбураевты 13:2 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Жартылай финалда Мерей жапониялық Дайто Кацумэні 7:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.