Ақтауда ашық терезе алдындағы бүлдіршіндерлі полицейлер құтқарды

Ақтауда ашық терезе алдындағы бүлдіршіндерлі полицейлер құтқарды
gov.kz

Ақтауда қараусыз қалған 4 және 6 жастағы екі баланы полицейлер аман алып қалды. Балалардың бірі ашық терезе маңында тұрған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары екінші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, бүлдіршіндерді қауіптен құтқарды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, «102» арнасына Ақтаудағы 31Б шағынауданындағы №15 үйдің екінші қабатында кішкентай баланың ашық терезе маңында тұрғаны туралы хабарлама түскен. Жағдайдың бала өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін түсінген қызметкерлер дереу оқиға орнына жеткен.

Тексеру барысында пәтерде 4 және 6 жастағы екі баланың ересектердің қарауынсыз қалғаны анықталды. Белгілі болғандай, олардың әжесі су алуға төменге түсіп кеткен.

Уақыт жоғалтпай әрекет еткен учаскелік полиция инспекторлары Абзал Анарбайұлы мен Асылбек Куженов екінші қабаттағы пәтердің терезесіне көтеріліп, ішке кірген. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында екі бүлдіршін де аман-есен құтқарылды.

Бақытымызға қарай, балалар зардап шеккен жоқ.

Бұл оқиға кішкентай балаларды, тіпті қысқа уақытқа да, қараусыз қалдырудың қаншалықты қауіпті екенін тағы бір еске салады. Әсіресе ашық терезе маңында ойнап жүрген бүлдіршіндерге ересектердің тұрақты назары қажет.