Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында күдікті Шерхан Аймахан соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды ult.kz.
Сотта ол марқұмның ата-анасынан кешірім сұрап, болған жағдайға өкініш білдірді. Аймахан бұл оқиға үшін өмір бойы өкінетінін айтты.
Сонымен қатар ол Нұрай Серікбайдың мінез-құлқы өзінің психологиялық жағдайына әсер еткенін мәлімдеді. Алайда оның бұл сөздері марқұмның жақындарына қатысты айтылған пікір ретінде қабылданды.
Сондай-ақ Шерхан Аймахан жәбірленуші тарап талап еткен 15 миллион теңге материалдық шығынды өтеуге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл қаражатты жұмыс істеп, өтейтін болады.
Ал жәбірленуші тарап талап еткен 10 миллиард теңге моральдық шығынды өтеуден бас тартатынын айтты.
Сотта тараптардың жарыссөзі аяқталғаннан кейін іс бойынша шешім шығару күтіледі.