Із-түзсіз жоғалып кеткен қыздардың біріне қатысты іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды. Енисей өзенінің жағасынан кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды ult.kz, dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлік тергеу басқармасының алдын ала мәліметінше, табылған мәйіт 1 шілде күні жоғалып кеткен екі қыздың бірі болуы мүмкін. Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, аумақ қоршауға алынды. Құқық қорғау органдары қажетті тексеру жұмыстарын бастап, мәйіттің жеке басын анықтау үшін тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Тергеушілер мен криминалистер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кіріскен. Қазіргі уақытта қыздың нақты кім екені сараптамадан кейін белгілі болады.
Ал екінші жоғалып кеткен баланың тағдыры туралы әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Айта кетейік, аталған қайғылы оқиға Ресей Федерациясының Тыва Республикасында, Қызыл ауданына қарасты Сукпак ауылы маңында болған. Қазіргі уақытта іздеу және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.