Шекара бекетіндегі бопсалау: Жамбылда қылмыстық топ ұсталды

Шекара бекетіндегі бопсалау: Жамбылда қылмыстық топ ұсталды
Polisia.kz

Жамбыл облысында шекара бекеті арқылы өтетін жүргізушілерден жүйелі түрде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

23 қыркүйекте облыстық полиция департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп арнайы операция жүргізген. Күдіктілер ауыр жүк, жолаушылар, жеңіл және транзиттік көлік жүргізушілеріне қысым көрсетіп, ақша талап еткен деп күдікке ілінді.

Операция барысында 27 тінту жүргізілді. Нәтижесінде суық қару, байланыс құралдары, қомақты ақша және автокөліктер тәркіленді.

Қазір бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Полиция күдіктілердің әрқайсысының рөлін, заңсыз әрекеттің барлық мән-жайын және қосымша қылмыс эпизодтарының бар-жоғын анықтап жатыр.

Тергеу жалғасуда.