Сарбазды соққыға жыққан әскери қызметкерге сот үкімі шықты

Сарбазды соққыға жыққан әскери қызметкерге сот үкімі шықты
gurk.kz

Ақтөбе гарнизоны әскери соты ҚР Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінде қызмет еткен старшинаға билікті асыра пайдаланғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды ult.kz.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға биыл қаңтар айында Жаңаөзен қаласындағы әскери бөлімде болған. Тергеу мәліметінше, екінші жедел мақсаттағы батальонның 5-жедел мақсаттағы ротасының старшинасы С. Қасымов жеке құрамды сапқа тұрғызып, жаттығу кезінде мерзімді әскери қызметшіні балағаттап, оның қабырға тұсынан үш рет тепкен. Соның салдарынан сарбаздың жетінші қабырғасы сынған.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін мойындамай, әскери қызметшілер арасындағы дауды тоқтату үшін ғана сапқа тұрғызғанын, ешкімге қол көтермегенін айтты. Сондай-ақ жәбірленуші өзіне жала жауып отырғанын мәлімдеді.

Ал жәбірленуші алғашқыда болған жайтты жасырып келгенін, екі аптадан кейін қан түкіріп, қабырғасы қатты ауыра бастаған соң фельдшерге жүгінгенін жеткізді. Кейін бұл туралы анасына хабарлап, оқиға әскери бөлім командиріне мәлім болған. Осыдан кейін әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізген.

Сот материалдарына сәйкес, оқиға болған бөлменің кіреберісінде бейнебақылау камерасы болғанымен, жазба сақталмаған. Себебі бұған дейін өзге қылмыстық іс бойынша бейнематериалдар алынғандықтан, оқиға сәті тіркелмеген.

Сот С. Қасымовты ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар сот жәбірленушінің азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандырып, оған 700 мың теңге моральдық өтемақы және заңды өкілдің қызметіне жұмсалған 900 мың теңге сот шығынын өндіру туралы шеші