Салықтық қысым: ЖК-лардың неге құрылыстан кетіп, баспана неге қымбаттауда?

Салықтық қысым: ЖК-лардың неге құрылыстан кетіп, баспана неге қымбаттауда?

Жаңа салық ережелері Қазақстанның құрылыс саласынан жеке кәсіпкерлердің жаппай кетуіне себеп болуда. Қолданыстағы заңнамалық шектеулерге байланысты ірі құрылыс компанияларына жеңілдетілген салық режимімен жұмыс істейтін мердігерлерді тарту қаржылық тұрғыдан тиімсіз болып қалды, деп хабарлайды Ult.kz «31 арнаға» сілтеме жасап.

Нарық қатысушыларының мәліметінше, соңғы бір жылда құрылыс секторындағы жеке кәсіпкерлер саны шамамен 11%-ға азайған. Бұл ең алдымен бұрын ірі девелоперлерге келісімшартпен қызмет көрсетіп келген тар бейінді мамандар мен шағын бригадаларға — сылақшыларға, бояушылар мен монтаждаушыларға кері әсерін тигізді.

Мумкіндіктің шектелуіне құрылыс компанияларының корпоративтік табыс салығын (КТС) есептеу кезінде жеңілдетілген режимдегі мердігерлердің шығындарын бұрынғыдай толық көлемде шегерімге ұстай алмауы себеп болып отыр. Қазақстан Құрылысшылар одағы президентінің орынбасары Вячеслав Лазаревтің бағалауынша, кейбір компанияларда мұндай кәсіпкерлердің үлесі 50%-ға дейін жететін. Нәтижесінде қосымша салықтық ауыртпалық құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын орта есеппен 10–15%-ға қымбаттатып жіберді.

Қалыптасқан жағдай түпкілікті сатып алушылардың қалтасына бірден салмақ түсірді: жыл басынан бері елімізде баспананың бір шаршы метрі 13%-дан астам қымбаттады.

Сала сарапшылары тығырықтан шығу үшін құрылыс саласындағы ЖК-лардың арналған бөлек арнайы режим енгізуді ұсынуда. Дегенмен, жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Александр Пактың пікірінше, тіпті салықтық жеңілдіктер берілгеннің өзінде пәтер бағасы арзандамайды, тек оның ары қарайғы өсу қарқыны бәсеңдеуі мүмкін. Талдаушылар жыл соңына дейін тұрғын үй бағасы инфляция деңгейіне сай өсуін жалғастырады деп болжап отыр.