Freedom Inside '26

Ринат Зайытовтың төбелесіп, мылтық оқтаған видеосы тарады (ВИДЕО)

Ринат Зайытовтың төбелесіп, мылтық оқтаған видеосы тарады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың қатысуымен түсірілген ескі видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.

Кадрларда бір топ ер адамның жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан сәті бейнеленген. Сонымен қатар видеода қаруға ұқсас заттың да көрінетіні байқалады. Желі қолданушылары жазбаны жаппай бөлісіп, түрлі пікір білдіруде.

Кейбір қолданушылар депутаттың өткен өміріндегі оқиғаларды қазір қайта көтерудің қажеті жоқ екенін айтса, енді біреулері қоғам алдында жүрген тұлғалардың өмірбаянына қатысты барлық жайт ашық болуы тиіс деген пікір білдірген.

Желіде «Бұл оқиғаға құқық қорғау органдары қандай баға берді?», «Қылмыстық іс қозғалды ма?», «Оқиғаның соңы немен аяқталды?» деген сауалдар да жиі қойылып жатыр.