Ресейлік арна Елдос Сметовтың мансабындағы ерекше заңдылыққа назар аударды

Ресейлік арна Елдос Сметовтың мансабындағы ерекше заңдылыққа назар аударды
НОК РК

Ресейдің «Дзюдо Арт» Telegram-арнасы қазақстандық Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың спорттық мансабындағы қызықты заңдылыққа назар аударды,, деп хабарлайды ult.kz.

Арна мәліметінше, Сметов халықаралық жарыстарда ірі жетістіктерге жеткенімен, жапониялық дзюдошылардың көшбасшыларын ресми белдесулерде жеңе алмаған.

Атап айтқанда, қазақстандық балуан Олимпиада чемпионы Рюдзю Нагаямамен бірнеше рет кездесіп, олардың ешқайсысында жеңіске жете алмаған. Сондай-ақ ол кейінгі буын жапон спортшыларына да есе жібергені айтылған.

Соған қарамастан, Елдос Сметов әлемдік дзюдо тарихында өз есімін алтын әріппен жазды. Ол Париж-2024 Олимпиадасында чемпион атанып, Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы болды.

Сметов бұған дейін Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиадасында күміс, Токио-2020 ойындарында қола медаль жеңіп алған. Осылайша ол Олимпиада жүлделерінің толық жиынтығын иеленген санаулы спортшылардың қатарына енді.

Бұдан бөлек, Елдос Сметов – 2015 жылғы әлем чемпионы, әлем чемпионаттарының екі дүркін қола жүлдегері, 2014 жылғы Азия ойындарының және 2016 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.