Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы лейтенант шеніне сай погон тағып жүр

Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы лейтенант шеніне сай погон тағып жүр
facebook.com/nexta.tv

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, республиканың Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы 18 жастағы Адам Қадыров Грозныйда өткен шараға лейтенант шеніне сәйкес келетін погонмен қатысты, деп хабарлайды ult.kz.

Адам Қадыровтың екі кішкентай жұлдызы бар погон таққаны байқалады. Мұндай белгілер Ресейдегі лейтенант әскери шеніне сәйкес келеді. Ол Дене шынықтыру қызметкерлері күніне арналған іс-шараға қатысқан. Мерекеден түсірілген кадрларды Рамзан Қадыров 7 тамызда өзінің Telegram-арнасында жариялаған.

Ресей заңнамасына сәйкес, кіші лейтенанттан лейтенант шеніне өту үшін әскери қызметшілерге екі жыл, ал полиция, ішкі қызмет және әділет органдары қызметкерлеріне бір жыл еңбек өтілі қажет.

Бұған дейін, наурыз айында Рамзан Қадыров өңірдегі күштік құрылымдардың командирлерімен өткен кеңестің видеосын жариялаған. Сол кезде ресейлік БАҚ Адам Қадыров жиынға майор шеніндегі погонмен қатысты деп жазған.

Алайда Шешенстан басшысының баспасөз хатшысы Ильман Вахидов кейін бұл ақпаратты нақтылап, Адам Қадыровтың таққан погоны кіші лейтенант шеніне сәйкес келетінін айтқан.