Қызылорда облысында полицейдің денесі табылды

Қызылорда облысында полицейдің денесі табылды
Фото: freepik

31 тамызда Қызылорда облысының Арал қаласынан 38 жастағы учаскелік полиция инспекторының зорлық белгілері бар мәйіті табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Криминальный Казахстан Telegram-арнасының мәліметінше, жанжал кезінде ер адам учаскелік инспекторды ұрып-соққан. Алған жарақаттарының салдарынан полицей көз жұмған. Оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.

Қызылорда облысы ПД мәліметінше, марқұм мен күдікті бір-бірін бұрыннан таныған. Учаскелік инспектор бұған дейін ер адамды отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.

Күдікті – Арал қаласының 39 жастағы тұрғыны. Оның жеке басы анықталған, қазіргі уақытта ер адам іздеуде.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.