Өскемен қаласында әкесінің кәмелетке толмаған қызын туған күнімен құттықтап, ернінен сүйген видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Жазба қоғамда түрлі пікір туғызып, оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарының тексеру жүргізуі қажеттігі айтылуда, деп хабарлайды ult.kz.
Алдымен egov.press Telegram арнасында аталған видео жарияланып, онда қыздың әкесінің әрекеті оғаш көрінетіні жазылды. Арна авторлары құқық қорғау органдарын тиісті тексеру жүргізуге шақырды.
Кейін әлеуметтік желіде қыздың әкесі оқиғаға қатысты сын айтқан азаматтарға жауап берді. Ол өз әрекетін сынаған адамдарды «Ит үреді, керуен көшеді» деген мақалмен салыстырып, өзін тек ақылға салып ойлайтын адамдар ғана түсіне алатынын мәлімдеген. Ал қыздың анасы белгілі бір азаматтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірген.
Оқиға желіде бала қауіпсіздігі мен оның психологиялық жағдайына қатысты мәселелерді қайта көтерді. Мұндай жағдайда ең алдымен кәмелетке толмаған баланың мүддесі ескерілуі керек.