Қырғызстанда «Мончок» («Ожерелье») фильмінің түсірілімі кезінде оқыс оқиға болды. Жылқымен шауып келе жатқан салт аттылардың көрінісін түсіру барысында олардың бірі түсірілім тобына соғылған. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды ult.kz.
Хабарланғандай, оқиғаның соңы ауыр зардапқа ұласпаған. Алдын ала мәлімет бойынша, салт атты өзге жылқыларға байланысты операторлар мен камераны байқамай қалған. Салдарынан ол түсірілім тобына соғылған.
«Мончок» фильмі режиссер Автандил Батырбековтің 2025 жылдың қазан айында Қырғызстанда көрерменге жол тартқан «Акыркы дем» («Соңғы дем») фильмінің жалғасы саналады.
Осыған ұқсас тағы бір қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Ыстықкөлде болды. Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ыстықкөл облысындағы Қырчын шатқалында атпен серуендеу кезінде 20 жастағы жігіт қаза тапқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт аттан құлап, аяғы үзеңгіге ілініп қалған. Осыдан кейін жылқы жүрісін жалғастырып, оны бірнеше жүз метрге дейін сүйреп кеткен.
Ауыр жарақат алған жігіт Ананьев ауылының аумақтық ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.