«Қыдырғым келді»: Қызылордалық пробациялық бақылаудан құтылу үшін білезігін сындырған

«Қыдырғым келді»: Қызылордалық пробациялық бақылаудан құтылу үшін білезігін сындырған
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті

Қызылорда тұрғыны пробация қызметінің талаптарын бірнеше рет бұзып, бақылаудан жалтару үшін аяғына тағылған электронды білезікті әдейі сындырып тастаған, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, азамат үш ай бұрын қалалық пробация қызметінің есебіне алынып, оған электронды бақылау құралы тағылған. Сотталған азаматқа жазаны өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттер түсіндірілген.

Пробация қызметкерлері онымен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, талаптарды сақтауды ескерткен. Алайда ол белгіленген тәртіпті бірнеше рет бұзған.

Кезекті рет ішімдік ішіп, қыдыруды жоспарлаған азамат электронды білезікті әдейі сындырып, оны үйіне тастап кеткен. Осылайша ол пробациялық бақылаудан тыс қалуға әрекет жасаған.

Электронды бақылау құралын қасақана бүлдіру жазаны өтеу тәртібін бұзу болып саналады. Қазір азаматқа қатысты материалдар жинақталып, мәселені сотта қарау үшін тиісті құжаттар әзірленіп жатыр.