17–21 маусым аралығында Гонконгта FIDE World Team Rapid and Blitz Championships 2026 — рапид және блиц бойынша әлемдік командалық чемпионат өтеді. Турнир Queen Elizabeth Stadium аренасында өтеді және алғаш рет Шығыс Азияда ұйымдастырылады. Негізгі жарыс күндері 17–21 маусымға жоспарланған, бағдарлама рапид турнирімен басталады.
Қазақстан шахмат федерациясы және оның бас демеушісі Freedom Holding Corp. Гонконгта екі командамен — Kazchess және Barys.kz ұсынылады.
Kazchess командасы рапид бойынша орташа рейтингке сәйкес үздік үштікке кіреді. Команда капитаны — Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Садвакасов. Команда құрамында Бибісара Асаубаева, Қазыбек Нөгербек, Алдияр Ансат, Меруерт Камалиденова және әуесқой Кұмар Түлепұлы ойнайды. Сондай-ақ құрамды жұлдызды легионерлер күшейтеді: Шахрияр Мамедьяров, Александр Грищук, Рихард Раппорт және Ван Хао.
Екінші қазақстандық команда — Barys.kz — 9-шыққан нөмірмен бастайды. Команда капитаны — ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова. Barys.kz құрамында тәжірибелі гроссмейстерлер Пётр Свидлер мен Дмитрий Андрейкин, сондай-ақ жас қазақстандық шахматшылар Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Даниял Сапенов, Ерғали Сүлеймен, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және әуесқой Айлин Зарқым ойнайды.
Рапид турнирі 17–19 маусым аралығында өтеді. Қатысушылар 12 раунд бойынша швейцар жүйесімен, 15+10 уақыт бақылауымен (партияға 15 минут + әр жүріске 10 секунд қосымша) ойнайды. Матчтар 6 тақтада өтеді, әр команда құрамында міндетті түрде бір әйел және Эло рейтингі 2000-ден төмен әуесқой шахматшы болуы тиіс.
Стартовый тізімді интернационалдық WR Chess командасы бастайды. Оның құрамында Магнус Карлсен, Максим Вашье-Лаграв, Фабиано Каруана, Уэсли Со, Ян-Кшиштоф Дуда, сондай-ақ Александра Горячкина және экс-әлем чемпионы Александра Костенюк бар.
Негізгі бәсекелестердің қатарында Hexamind Chess Team командасы — Алиреза Фирузджа, Левон Аронян, Аниш Гири, Видит Сантош Гуджрати, 2024 жылғы рапид бойынша әлем чемпионы Володар Мурзин, Катерина Лагно және Дивья Дешмұх. Hexamind командасында әуесқой ретінде Ақтаулық бапкер Анвар Шайхымовтың тәрбиеленушісі, қазір Лондонда оқып және ойнайтын қазақстандық Мұрат Омаров өнер көрсетеді.
Мықты құрамдарды қытайлық Dragon Chilling, үндістандық Team MGD1, Endgame.AI, Mr Birdie and friends, Chess United, Chessgurukul және Өзбекстан құрамасы да ұсынды. Dragon Chilling құрамында экс-әлем чемпионы Дин Лижэнь, әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь, Вэй И, Лэй Тинцзе және Юй Янъи бар. Team MGD1 құрамында Арджун Эригайси, Нихал Сарин және Харика Дронавалли ерекше көзге түседі.
Гонконгтағы қазақстандық өкілдік Kazchess және Barys.kz командаларымен шектелмейді. Гроссмейстер Ринат Жұмабаев дәстүр бойынша Сингапурдың Theme International Trading командасы үшін өнер көрсетеді.
Рапид және блиц бойынша әлемдік командалық чемпионат ФИДЕ тарапынан 2023 жылдан бастап өткізіліп келеді. Алғашқы турнир Дюссельдорфта, кейінгі жылдары Астана мен Лондонда өтті. 2026 жылы чемпионат Гонконгта 48 команданы және шамамен 400 шахматшыны қабылдайды.
Рапид турнирінің жалпы жүлде қоры 310 мың еуроны құрайды. Чемпион команда 110 мың еуро, күміс жүлдегер 70 мың еуро, қола жүлдегер 50 мың еуро алады. Сондай-ақ 4-тен 6-орынға дейінгі командаларға және 2400, 2200 рейтингке дейінгі санаттар бойынша арнайы ақшалай жүлделер қарастырылған.