Қазақстанға келген Лукашенко ультиалымның қымбат екенін айтты

Қазақстанға келген Лукашенко ультиалымның қымбат екенін айтты
Фото: Ақорда

Қазақстанға келген Лукашенко ультиалым мәселесін сынап тастады, деп хабарлайды ult.kz.

Лукашенко әңгімесін «әркім өз арбасын өзі сүйреп кеттіге» келтірді.

«Одақ аясында, мысалы, компоненттік базаны дамытуға бірлесіп инвестиция тарту туралы айтылған еді. Өйткені осы компоненттік база болмаса, автомобиль өндірісі де болмайды. Ал қазір не болды? Әркім өз шекарасын тіпті тышқан өте алмайтындай етіп жауып алды. Кәдеге жарату алымының мөлшерлемелері жақын арада көліктің өз бағасынан асып түседі. Мен біздің одақ туралы айтып отырмын. Біз мұны не үшін істеп жатырмыз? Мұндай жағдайда қандай одақ туралы сөз болуы мүмкін?», - деді ол.