Freedom Inside '26

Қазақстандықтар жаңалықты көбіне қайдан оқиды – сауалнама

Қазақстандықтар жаңалықты көбіне қайдан оқиды – сауалнама
ашық дереккөз

Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңалықты интернеттен алады. Әлеуметтік желілер мен жаңалық сайттарын негізгі ақпарат көзі ретінде респонденттердің 54,3%-ы атаған, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл мәліметтер Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай жүргізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болды.

Сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 54,3%-ы жаңалықтарды әлеуметтік желілер мен жаңалық сайттары арқылы оқиды. Дегенмен, теледидар да өз маңызын жоғалтпаған. Респонденттердің 47,8%-ы ақпаратты әлі күнге дейін телеарналардан алады.

Зерттеу авторларының айтуынша, интернет пен теледидар бір-біріне бәсекелес емес. Бір ақпарат көзін пайдалану екіншісіне деген қызығушылықтың төмендеуіне әсер етпейді.

Сауалнама нәтижесі бойынша жаңалық алуға арналған ең танымал платформалар мыналар:

  • Instagram – 59,4%;
  • WhatsApp – 51%;
  • TikTok – 30,8%;
  • YouTube – 30%.

Осылайша, Instagram қазақстандықтар үшін басты ақпарат алаңына айналса, WhatsApp екінші орында тұр. Ал TikTok пен YouTube-тың ақпарат көзі ретіндегі танымалдығы шамалас екені анықталды.

Зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың ақпарат тұтыну мәдениетінде цифрлық платформалардың рөлі жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді.