Freedom Inside '26

Қазақстандықтар Орталық және Солтүстік Азияның жастар арасындағы 2026 жылғы шахмат чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар Орталық және Солтүстік Азияның жастар арасындағы 2026 жылғы шахмат чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

Қырғызстанның Қорумду ауылында (U8–U20) өткен жастар чемпионаты рапид турнирімен басталды. Қазақстандық спортшылар 9 медаль жеңіп алды, оның ішінде үш алтын бар.

Қазақстан қоржынына алтын медаль әкелгендер: Алихан Сағынтаев (O10), Юрий Пак (O12) және Бибісара Ержан (G14).
Үш күміс медальды Әлинур Бауыржан (O8), Нұрислам Сұлтанхан (O10) және Алдияр Жарас (O14) жеңіп алды. Қола медальдар Нармина Асылбекқызының (G8), Ақниет Құмысбайдың (G10) және Айлин Зарқымның (G16) еншісінде.

Жарыста Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейден 479 жас шахматшы қатысуда. Ең көп қатысушы — жарыс иесі Қырғызстан (193 спортшы).

Чемпионат жеті жас категориясында ұлдар мен қыздар үшін бөлек өтеді: O08/G08 (2018 ж.т. және кіші), O10/G10 (2016 ж.т. және кіші), O12/G12 (2014 ж.т. және кіші), O14/G14 (2013 ж.т. және кіші), O16/G16 (2010 ж.т. және кіші), O18/G18 (2008 ж.т. және кіші), O20/G20 (2006 ж.т. және кіші).

2026 жылдан бастап Қазақстанның жас таланттарды қолдау бағдарламасына өзгеріс енгізілді: Батыс Азия чемпионатының орнына Орталық және Солтүстік Азия чемпионаты есепке алынады. Сондықтан Central and North Asian Youth U8–U20 Chess Championship 2026 жас спортшылар үшін үлкен маңызға ие. Жарыс 8 шілдеге дейін жалғасады. Рапидтен кейін қатысушылар классика және блиц бойынша күш сынасады.