Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен 28th Asian Youth Chess Championships 2026 турнирінде қазақстандық жас спортшылар 13 медаль жеңіп алды: оның алтауы — алтын, біреуі — күміс және алтауы — қола, деп хабарлайды ult.kz.
Бүгін классика және блиц бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынды . Классикада Азия чемпиондары атанғандар: Әдінур Әділбек (O10) және Рамазан Төлеген (O12). Қазақстанға қола медальдарды Милана Филиппова (G12) мен Алишер Әбдісаттар (O14) әкелді. Әдінур Әділбек үшін бұл осы жарыстардағы екінші алтын медаль. Біріншісін ол рапидте жеңіп алған болатын. Рапидте алтын медальды сонымен қатар Мақсат Байсалбеков (O14) иеленді, қола жүлдегерлер — Амалия Едрешева (G10) және Алишер Әбдісаттар (O14).
Бағдарламаның соңғы түрі — блицте (3+2) Азия чемпиондары атанғандар: Нұрали Нұршин (O10) және Мария Холявко (G18). Күміс жүлдені Нұрмұхамед Елемес (O10) жеңіп алды, қола медальдарды Рамазан Төлеген (O12) мен Дінмұхаммед Төлеңдінов (O16) иеленді.
Осылайша, үш бағдарлама түрінде — классика, рапид және блицте — қазақстандықтар барлығы 13 медаль жеңіп алды. Шэньчжэньдегі жарыстар 16–24 шілде аралығында өтті. Оған 30 ел мен аумақтан шамамен 900 спортшы қатысты.
Салыстыру үшін: өткен жылы Таиландтың Бангкок қаласында өткен чемпионатта біздің шахматшылар 11 медаль жеңіп алған еді, оның 5-і алтын болған.