Қазақстандық гимнастшы Чехиядағы Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнастшы Чехиядағы Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды
ашық дереккөз

Қазақстандық гимнастшы Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде алғаш рет чемпион атанды. Чехияның Брно қаласында өткен жарыста 16 жастағы спортшы бір алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ult.kz.

Шеңбермен жаттығу финалында Ерекешева 29,150 балл жинап, украиналық Полина Кариканы 0,05 баллға басып озды. Үшінші орынды Өзбекстан өкілі Лола Джураева иеленді.

Бұл Қазақстанның Гран-при тарихында шеңбермен жаттығуда жеңіп алған алғашқы алтыны болды. Осылайша, қазақстандық гимнастшылар бұл сериядағы алтын медаль санын төртеуге жеткізді.

Жекелеген жаттығулардың қалған үш финалында да Ақмарал Ерекешева күміс жүлдеге ие болды. Ол доппен жаттығуда 28 балл, шығыршықтармен — 29,050, лентамен — 27,600 балл жинады.

Сонымен қатар, спортшы жеке көпсайыста 116,500 балл жинап, екінші орын алды.

Осылайша, Ақмарал Ерекешева Брнодағы Гран-при кезеңін бір алтын және төрт күміс медальмен аяқтады.

Гимнастшының келесі ірі жарысы — Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындары.