Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына шықты
Туризм және спорт министрлігі

Айчи–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан Қазақстанның үш спортшысы да әйелдер арасындағы финалға жолдама алды. Енді олар құрлық додасының жүлдесі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды ult.kz.

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жартылай финалдық жарыстар аяқталды.

Қазақстан намысын қорғаған Аяна Қазбекова, Юлиана Петрова және Диана Щедрова өз топтарында үздік тоғыз спортшының қатарына еніп, финалға өтті.

Жартылай финалда спортшылар семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу, жүгіру және лазерлік тапанша атудан сынға түсті.

А тобы:

Аяна Қазбекова – 5-орын, 1363 ұпай;

Юлиана Петрова – 9-орын, 1345 ұпай.

В тобы:

Диана Щедрова – 5-орын, 1356 ұпай.

Әр жартылай финалдық топтан ең үздік тоғыз спортшы финалға жолдама алды.

Осылайша Қазақстанның үш бессайысшысы да Азия ойындарының медальдары үшін күресін жалғастырады.

Әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстың финалы 20 қыркүйекте өтеді.