Қазақстандық азамат Нью-Йорктегі Бруклин көпірінен секіріп, аман қалды

Қазақстандық азамат Нью-Йорктегі Бруклин көпірінен секіріп, аман қалды
видеодан скриншот

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 44 жастағы Қазақстан тумасы Ғалымжан Абайлдаев Бруклин көпірінен секіріп, ғажайып жағдайда аман қалды, деп хабарлайды ult.kz.

New York Post басылымының мәліметінше, ер адам көпірдің шамамен 85 метр биіктіктегі солтүстік мұнарасынан Ист-Ривер өзеніне секірген. Оған дейін ол көпірге бірнеше ту, соның ішінде Қазақстанның мемлекеттік туын орнатқан.

Полиция қызметкерлері ер адамды судан шығарып, Bellevue ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалаған.

Басылымның жазуынша, Абайлдаевтың бірге тұратын көршісі оның бұл әрекетті туған күніне жоспарлағанын айтқан.

Қазір ер адамға қауіпсіздікке қатер төндіру, қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасау және қоғамдық тәртіпті бұзу баптары бойынша айып тағылған. Ол ауруханада ем қабылдап жатыр және сотты сол жерде күтеді.