Қазақстандық әнші BikaBreezy-дің Bashi әні Қытайда 2026 жылдың әні атанды. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышын бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі бұл жетістікті тыңдармандары мен әніне қолдау көрсеткен жандарға арнаған.
«Біз мұны жасадық! We did it!» деп жазған BikaBreezy.
Әнші композициясын тыңдап, қайта-қайта қосқан тыңдармандарына, Bashi әуенімен билеген бишілерге және әнді клубтарда қойған диджейлерге алғыс айтты.
Сонымен қатар ол Қытайға музыкасын және өзін артист ретінде мойындағаны үшін ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, Bashi әнін BikaBreezy қытайлық музыкант Jaytrue-мен бірге орындаған. Композиция 2026 жылдың ақпанында жарық көрген.
Ән атауы қытайдың Сычуань–Чунцин өңірлерінде қолданылатын «巴适» (Bashi) сөзінен алынған. Ол шамамен «жайлы», «керемет», «рахат» деген мағыналарды білдіреді.
BikaBreezy бұған дейін The Rap of China 2026 жобасына қатысып, Қытай аудиториясына кеңінен танылған.