Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
MadeniPortal.kz сайтының мәліметінше, оның жұмыс кабинеті мен үйінде тінту жүргізілді. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан хабарлады.
«Махамбет Өтемісов атындағы университет қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін университет ректоры Нұрлан Серғалиев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Оның жұмыс орнында тінту шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық қудалауды Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр», — деп жазды Бауыржан Ахметжан өзінің Facebook парақшасында.
Нұрлан Семғалиев — облыстық мәслихат депутаты. Ресми түрде расталмаған мәліметтерге сәйкес, оған қатысты тергеу университетке ғылымды дамытуға мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты жымқыру күдігі бойынша басталған.