Қазақстандағы «Škoda» жүргізушілерінің арманы»: жаңа Octavia 2.0 4x2 сатылымға шықты

Қазақстандағы «Škoda» жүргізушілерінің арманы»: жаңа Octavia 2.0 4x2 сатылымға шықты
Allur

Škoda Octavia Қазақстан нарығында 2.0 TSI қозғалтқышы және алдыңғы жетегі бар жаңа модификациямен толықты. Мұндай үйлесім Еуропа нарығында динамика, үнемділік және күнделікті қолданыстағы тиімділігі үшін жоғары сұранысқа ие.

Жаңа нұсқа Octavia моделінің жүргізушілік сипатын толық ашуға мүмкіндік береді. Қозғалтқыш көліктің сенімді динамикасын қамтамасыз ете отырып, модель бағаланатын жайлылық пен тиімділікті сақтайды.

Бұл – кең салоны, ойластырылған эргономикасы және сыйымды жүксалғышы бар сол Octavia. Алайда енді газ педалін сәл қаттырақ басқысы келетін жүргізушілер үшін оның мінезі де біршама өзгеше.

Қазақстандағы еуропалық брендтің ресми дистрибьюторының хабарлауынша, жаңа Škoda Octavia мынадай сипаттамаларға ие:

төрт цилиндрлі, турбокомпрессорлы 2.0 TSI қозғалтқышы, қуаты – 190 ат күші;

7 сатылы DSG роботтандырылған беріліс қорабы;

алдыңғы жетек;

отынның аралас циклі бойынша шығыны – 100 шақырымға 6,1 литр;

ең жоғары айналу моменті – 320 Нм;

максималды жылдамдығы – 228 км/сағ;

0-ден 100 км/сағ-қа дейінгі үдеу уақыты – 7,3 секунд.

Бұл модификация Octavia-ның Қазақстан нарығында бұрыннан ұсынылып келе жатқан алдыңғы жетекті, үнемді 1.4 TSI нұсқасына, сондай-ақ қазақстандық тұтынушылар арасында сұранысқа ие толық жетекті 2.0 TSI нұсқасына қосылды.

Жаңа Škoda Octavia матрицалық LED фаралармен, былғары орындықтармен, цифрлық аспаптар панелімен, 13 дюймдік экраны және 8 динамигі бар мультимедиялық жүйемен, Climatronic климат-бақылау жүйесімен және SmartLink жүйесімен жабдықталған.

Сонымен қатар Head-up проекциялық дисплейі, жады функциясы бар алдыңғы орындықтардың электрлі реттелуі, орындық жастықшасының тереңдігін реттеу, желдету және массаж функциялары, виртуалды педалі бар жүксалғыш қақпағының электрлі жетегі қарастырылған. Көлікте орталық қауіпсіздік жастығын қоса алғанда, 10-ға дейін қауіпсіздік жастығы және толық қысқы пакет бар.

Фото: Allur 

Жайлылық пен қауіпсіздік

Автомобильдің пассивті және белсенді қауіпсіздік деңгейі халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Škoda Octavia тәуелсіз Euro NCAP қауіпсіздік сынақтарында ең жоғары – бес жұлдызды бағалауға ие болған.

«Octavia модельдік қатарын кеңейту – Škoda брендінің Қазақстандағы дамуының заңды кезеңі. Біз модельдің негізгі артықшылықтарын сақтай отырып, клиенттерге түрлі пайдалану сценарийлеріне арналған шешімдер ұсынуға тырысамыз. Жаңа модификация сенімді динамиканы, жоғары үнемділікті және Škoda-ға тән практикалықты үйлестіріп, өз класындағы ең теңгерімді автомобильдердің бірін ұсынады», – деді Қазақстандағы Škoda дистрибуциясының басшысы Андрей Тананыкин.

Автомобильдер Қостанайдағы Allur зауытының өндірістік қуаттарында шығарылады. Škoda – Қазақстанда жергілікті өндірісі жолға қойылған жалғыз еуропалық автомобиль бренді.

Фото: Allur 

Бағасы қанша?

2.0 TSI қозғалтқышы және алдыңғы жетегі бар жаңа Škoda Octavia Қазақстандағы брендтің ресми дилерлерінде сатылымға шықты. Модель Selection және SportLine атты екі жиынтықта ұсынылады. Бағасы – 19 490 000 теңге.

Сонымен қатар Škoda-ның ресми дистрибьюторы брендтің барлық модельдік қатарына арналған қолданыстағы қаржылық ұсыныстарды еске салды.

Қазақстан нарығындағы бестселлер Škoda Kodiaq-тың Selection және SportLine жиынтықтарын 5 млн теңгеге дейінгі тиімділікпен сатып алуға болады.

Ал брендтің флагмандық моделі Škoda Superb барлық жиынтықта 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен ұсынылады.

Фото: Allur 

Еуропалық қызмет көрсету стандарттары

Škoda автомобильдеріне 3 жыл немесе 100 мың шақырым кепілдік беріледі. Оның алғашқы екі жылы жүріс қашықтығына шектеусіз.

Қазақстандағы ресми дилерлер мен Škoda сервистік орталықтарында тек VAG концерні ұсынған майлар мен басқа да техникалық сұйықтықтар, сондай-ақ Еуропада өндірілген түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын материалдары пайдаланылады.

31 тамызға дейін Škoda-ның барлық жаңа клиенттері автомобиль сатып алған күннен бастап бір жыл ішінде сервистік қызмет көрсету мен оған қатысты тауарларға 30%-ға дейінгі тиімділікті көздейтін бағдарламаға қатыса алады.

Škoda Octavia – еуропалық брендтің басты бестселлері әрі оның визиттік карточкасы. Модельдің өндірісте жүргеніне 70 жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде әлемнің 100-ден астам елінде 7 миллионнан астам автомобиль сатылған.

Octavia және Қазақстандағы Škoda модельдерінің басқа да нұсқалары туралы толық ақпаратты Қазақстан аумағындағы брендтің ресми дилерлік орталықтарынан және дистрибьютордың ресми сайтынан алуға болады.

Фото: Allur 

Фото: Allur