2026 жылғы шілде айында Қазақстандағы айлық инфляция 0,6%-ды құрады. Бұл маусымдағы 0,8%-дық көрсеткіштен төмен екенін көрсетеді, деп хабарлайды ult.kz.
Шілдеде бағаның ең көп төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінде тіркелді. Атап айтқанда, қияр 22,6%-ға, қызанақ 17,7%-ға, сәбіз 5,3%-ға арзандады. Сондай-ақ бананның бағасы 4%-ға, алманыкі 2,7%-ға, апельсин 2,3%-ға, лимон мен картоп 1,6%-ға төмендеді. Бұдан бөлек, жұмыртқа 1,4%-ға, арпа жармасы 1,3%-ға арзандаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында пайдаланылған жеңіл автокөліктердің бағасы 3,8%-ға төмендеді. Сонымен қатар электр еттартқыштар 2,2%-ға, кір сабыны 1,5%-ға, смартфондар мен көзілдіріктер 1,3%-ға, шаш бояуы 0,7%-ға арзандады.
Сонымен бірге жылдық инфляция да аздап баяулап, шілде айының қорытындысы бойынша 10,2%-ды құрады. Маусым айында бұл көрсеткіш 10,3% болған.
Жылдық есепте азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 11,7%-ға, азық-түлік тауарлары 10,1%-ға, ал ақылы қызметтердің құны 9,2%-ға өсті.