Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанда кондитерлік өнімдердегі трансмай мөлшерін анықтаудың жаңа стандарты енгізілді

Қазақстанда кондитерлік өнімдердегі трансмай мөлшерін анықтаудың жаңа стандарты енгізілді
ашық дереккөз

Қазақстанда кәмпит, печенье, торт және басқа да кондитерлік өнімдердің құрамындағы трансмай мөлшерін анықтаудың бірыңғай әдісі бекітілді. Жаңа ұлттық стандарт 2026 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енді, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған дейін трансмай мөлшерін анықтау үшін қолданылған ГОСТ 31754-2012 стандарты негізінен май өнімдері мен тағам өндірісіне арналған шикізатты тексеруге бағытталған. Ал дайын кондитерлік өнімдердің құрамындағы трансмайды анықтаудың бірыңғай әдісі болмаған.

Енді СТ РК 4052-2026 ұлттық стандарты зертханаларға тәтті өнімдердегі трансмай мөлшерін бірізді әдіспен өлшеп, нәтижелерін ортақ тәртіппен бағалауға мүмкіндік береді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекованың айтуынша, жаңа стандарт өнімдердің қауіпсіздігін бақылауды күшейтуге, әсіресе шетелден әкелінетін тәттілердің құрамын тексеруге мүмкіндік береді.

Құжат 2026 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспары аясында әзірленген. Оны «ҚазСтандарт» дайындап, Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті бекітті.

Жаңа стандарт тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты Кеден одағының техникалық регламенттерімен үйлестірілген.