Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Бір үйдің қызындай”: Мейрамбек Беспаевтың жары абысындарына ризашылығын білдірді

“Бір үйдің қызындай”: Мейрамбек Беспаевтың жары абысындарына ризашылығын білдірді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Мейрамбек Беспаевтың жұбайы Мархабат Беспаева қонақ күткенде өзіне қолғабыс еткен абысындарына жылы лебізін арнады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол көп қонақты жалғыз адамның күтіп алуы оңай емес екенін айтып, осындайда жаныңнан табылатын жақындардың көмегін ерекше бағалайтынын жеткізді.

“Қонақтың бәрін бір өзің күтіп қалай үлгересің? Бірақ осындай сәтте адамның жанында қол ұшын беріп, бір үйдің қызындай жүгіріп жүрген абысындары болса, қандай керемет!” – деп жазды Мархабат Беспаева.

Әншінің жары осы сөздерімен абысындарының ауызбіршілігін, шаруаға бірге жұмылып, өзіне сүйеу болғанын атап өтті.

Айта кетейік, Мейрамбек Беспаевқа домбыра пішініндегі торт дайындалды. 

Мейрамбек Беспаев кім? 
 

Мейрамбек Беспаев – қазақстандық әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “МузАрт” тобының мүшесі. Ол 1976 жылғы 7 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген.

Өнерге бала кезінен араласып, “Бозторғай” әнін орындауымен көпшілікке танылды.

Қазақтың халық әндері мен лирикалық туындыларын орындайды. Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбіловпен бірге “МузАрт” тобының құрамында өнер көрсетіп, қазақ эстрадасында өзіндік орнын қалыптастырды.

Жұбайы – Мархабат Беспаева. Ерлі-зайыптының үш баласы бар.