"Миллион" жайдарман тобы арқылы танылған әзілкеш Мансар Орынханның жұбайы Нұрайым Халила отбасындағы келеңсіз жағдайды көпшілікке жария етті. Ол күйеуінің бірнеше күннен бері үйге келмегенін айтып, әлеуметтік желіде жан сырын ақтарды, деп хабарлайды ult.kz.
Нұрайым Халила Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде күйеуінің алты күн бойы үйге қонбағанын, тіпті өзін барлық байланыс құралында бұғаттап тастағанын мәлімдеді. Айтуынша, мұндай жағдай олардың отбасында бұрын да болған.
"Бәлкім, қазір эмоциямен жазып отырған шығармын... Үйге қонбайды, хабарсыз кетеді, барлық жерден бұғаттайды. Алты күн өтті, Алматыда жүргенін білемін. Бірақ мен өз өмірімді сүремін. Оның жоқтығынан өмір тоқтамайды. Және бұл бірінші рет емес! Кеше тойға бардым, сол кезде ғана байланысқа шықты", – деп жазды ол.
Әзілкештің жұбайы үш баласымен баспанасыз қалғысы келмейтінін де ашық айтты. Ол күйеуіне отбасына қатысты нақты шешім қабылдау керектігін ескертіп, үйден кетпейтінін жеткізді.
"Қазір өзіне айтарым біреу: егер таңдауың көше болса, үйді бізге қалдыр. Бізді таңдамағаның үшін үш баламен тентіретпе. Мен бұл үйден кетпеймін, қусаң да", – деді Нұрайым Халила.

Келіншектің бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желі қолданушыларының бір бөлігі үш баланың анасына қолдау білдірсе, енді бірі отбасылық мәселенің көпшілік алдына шыққанын талқылап жатыр.
Әзірге Мансар Орынхан жұбайының мәлімдемесіне қатысты көпшілік алдында пікір білдірген жоқ. Сондықтан отбасындағы жағдайдың мән-жайы әзілкештің өз тарапынан нақтыланбады.