Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

11 қарашада ауа райы қандай болады?

11 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

11 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік пен шығыста кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстікте және орталықта көктайғақ болады, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада күн ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Түнде ауа температурасы −5…−7 градусқа төмендеп, күндіз −1…+1 градус шамасында сақталады. 

Алматыда жаңбыр мен қар жауып, кей уақытта жауын-шашын күшейеді, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы секундына 3–8 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде және күндіз +5…+7 градус болып, күндіз одан әрі салқындайды. 

Шымкентте күн бұлтты болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр мен қар жауады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде және күндіз ауа температурасы +5…+7 градус шамасында болып, күндіз төмендей түседі. 

Елдің қиыр батысы мен солтүстік-батысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал оңтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр мен қар болжанған. Қызылорда облысында, Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарының бірқатар ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.