Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Танымал дизайнер Аида Қауменова қара жамылды

Танымал дизайнер Аида Қауменова қара жамылды
Фото-коллаж: ult.kz

Қазақстандық танымал дизайнер, Баян Алагөзованың құрбысы Аида Қауменованың отбасында қайғылы жағдай болды. Оның әкесі Мұрат Қауменов өмірден өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Қаралы хабарды дизайнер Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялады. Оның айтуынша, әкесі 10 қарашада дүниеден өткен.

Аида Қауменова әкесін өмір бойы өзіне сенім артып, қамқорлығын аямаған жан ретінде еске алды. Ол марқұмның балаларына әрдайым тірек болуға тырысқанын айтып, жүрекжарды жазба қалдырды.

"Әкем Мұрат Қауменов өмірден өтті. Әрдайым маған сенім артып: "Қызым, өзім әкесіз өстім, сол себепті әрқашан жандарыңда боламын, сіздерге әрдайым қамқорлық жасаймын" деп отыратын асыл адам еді", – деп жазды дизайнер.

Өз жазбасында Аида Қауменова әкесінің бала күнінде әке мейірімін көрмей өскенін де жеткізді. Сондықтан ол өз балаларына барынша көңіл бөліп, олардың жанынан табылуды өмірлік ұстанымына айналдырған.

Айта кетейік, Аида Қауменова – Қазақстанның сән әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған танымал дизайнер. Ол Aida KaumeNOVA сән брендінің негізін қалаушы