Freedom Inside '26

Қазақстанда электромобильдер саны бір жылда 55,6%-ға өсті

Қазақстанда электромобильдер саны бір жылда 55,6%-ға өсті
ашық дереккөз

Қазақстанда жеңіл электромобильдердің саны тұрақты өсіп келеді. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген, деп хабарлайды ult.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 55,6%-ға артқан. 2025 жылғы осы кезеңде Қазақстанда 15 835 жеңіл электромобиль есепте тұрған.

Электромобильдердің басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген. Қалада 15 280 электромобиль бар, бұл еліміздегі барлық электромобильдің 62%-ын құрайды.

Электромобиль саны бойынша көшбасшы өңірлердің алғашқы үштігіне:

  • Алматы қаласы – 15 280;
  • Астана қаласы – 2 885;
  • Алматы облысы – 1 589 электромобиль кірді.

Жалпы, электромобильдер Қазақстанның барлық өңірінде тіркелгенімен, олардың таралуы біркелкі емес.

Ең төмен көрсеткіш Абай облысында, мұнда 78 электромобиль тіркелген. Ал Ұлытау облысында небәрі 41 электромобиль есепке алынған.