Қазақстанда 16 жасқа дейін әлеуметтік желіге тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда 16 жасқа дейін әлеуметтік желіге тыйым салу ұсынылды
ашық дереккөз

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салу ұсынылып отыр. Қазіргі уақытта бұл норма Үкімет деңгейінде талқылану сатысында, деп хабарлайды ult.kz.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың айтуынша, тиісті түзетулер пакеті әзірленген. Онда балалардың онлайн-платформаларда тіркелуін шектеу, сондай-ақ онлайн-коучтар мен психологтардың қызметін реттеу мәселелері қарастырылған.

Вице-министр бұл бастаманың халықаралық тәжірибеге негізделгенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай шектеулер бірқатар елдерде, соның ішінде Австралия мен Еуропаның бірнеше мемлекетінде талқыланып жатыр.

Қазір негізгі мәселе - жасын растау тетіктерін анықтау. Заң жобасы әлі Парламентке енгізілген жоқ, құжат әзірлену және келісу сатысында.