Freedom Inside '26

«Қазақконцерт» 65-маусымын «FOLK SHOW» жобасымен қорытындылайды

«Қазақконцерт» 65-маусымын «FOLK SHOW» жобасымен қорытындылайды
Facebook / Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2026 жылдың 27 маусымында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында 65-концерттік маусымның жабылуына арналған ауқымды «FOLK SHOW» Гала-концерті өтеді, деп хабарлайды ult.kz.

«FOLK SHOW» – ұлттық музыкалық мұраны заманауи форматта дәріптеуге бағытталған бірегей концерттік жоба. Жобаның авторы әрі дирижері – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі, заманауи музыка өнерінің жарқын өкілі Әділет Азбаев.

Гала-концертте – «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі және G band-тың орындауындағы әлемдік хиттерді, танымал кино және тележобалардың саундтректерін, сондай-ақ қазақ музыкасының кеңінен танылған туындыларын қамтиды.

Музыкалық кеште «Гүлдер» би ансамблі, «Бірлік» би ансамблі, «Astana Musical» мемлекеттік театрының шығармашылық ұжымы, Ербол Тәжібаев, Айзада Кемел, Олжас Құрманбек, Дидар, Жанна, Нүркен Якияев, Самғар Толқынханұлы және өзге де Қазақконцерттің белгілі әртістері өнер көрсетеді.

Бағдарламаға «Qazaq Symphony», «Шал», «KZ Hits», «Детство», Батырхан Шүкенов шығармаларына арналған музыкалық композициялар, «Қазақша тренд» топтамасы және Құрманғазының «Адай» күйі сынды қазақ муызкасының алтын қорынан туындылар және «La La Land», «Avatar», «Titanic», «Game Evolution», «Game of Thrones», «Ва-банк» және «Bollywood Medley» сияқты әлемдік хиттер мен киноиндустрияның үздік саундтректері енгізілген. Көрермен түрлі бағыттағы шығармаларды тыңдап қана қоймай, хореографиялық қойылымдарды тамашалай алады.

Концерттің басты мақсаты – ұлттық музыкалық өнерді кеңінен насихаттау, халық аспаптарының шығармашылық әлеуетін көрсету және дәстүрлі өнерді қазіргі заманғы музыкалық үрдістермен сабақтастыра отырып көрерменге ұсыну.