Қазақстанның кей өңірлерінде қарт адамдарға мерекеге байланысты біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Алайда төлемнің мөлшері мен оны алушылар санаты әр облыста әртүрлі, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада жасына байланысты зейнетке шыққан тұрғындарға 2,5 АЕК – 10 812 теңге беріледі. Бұл көмек 110 мыңнан астам адамды қамтиды.
Қарағанды облысында 75 жастан асқан 43 405 адамға 21 625 теңгеден төленеді. Оған жергілікті бюджеттен 938,6 млн теңге бөлінген.
Түркістан облысында жалғызілікті қарттарға 5 АЕК, яғни 21 625 теңге көлемінде көмек қарастырылған. Бұл төлемді 1 253 адам алады.
Ал Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Жетісу, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы, Қостанай және Қызылорда қалаларында қарттарға мерекеге орай біржолғы ақшалай төлем қарастырылмаған.