Freedom Inside '26

Қарқаралыда Қазақстанның ең үздік қымызы анықталды

Қарқаралыда Қазақстанның ең үздік қымызы анықталды
ашық дереккөз

20 мыңнан астам қонақты жинаған BaiQymyz этно-гастрофестивалінде еліміздің үздік қымыз өндірушілері анықталды. Байқауға алдын ала іріктеуден және зертханалық сараптамадан өткен 37 өндіруші қатысты, деп хабарлайды ult.kz. 

5 миллион теңге көлеміндегі бас жүлде мен «Үздік қымыз өндіруші» атағын «Қарқаралы Ақтерек» бренді иеленді. Жүлделі орындар қатарынан Қарқаралының «Тоқпан қымызы» және Ұлытау облысының «Жаңаарқа қымызы» орын алды. 

Фестиваль қонақтарына 30 тоннаға жуық қымыз ұсынылып, этноауылдар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, гастрономиялық алаңдар мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 

Биылдан бастап BaiQymyz фестивалі республикалық мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізіліп, жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін болады. 

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өңірлердің туристік тартымдылығын арттыруға, ұлттық мәдениетті дәріптеуге және елдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған оқиғалы туризмді жүйелі түрде қолдап келеді.