Freedom Inside '26

Қарағандыда танысын 7 млн теңгеге алдады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қарағандыда танысын 7 млн теңгеге алдады деген күдікпен ер адам ұсталды
el.kz

Қарағандыда полиция аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті өзін сенімді серіктес ретінде көрсетіп, танысының сеніміне кірген. Кейін құрылыс материалдарын сатып алу қажет екенін айтып, одан бірнеше рет қарызға ақша алған.

Polisia.kz порталының жазуынша, 39 жастағы жәбірленушінің айтуынша, күдікті бұған дейін өзіне және айналасындағы адамдарға көмектесіп жүргендіктен, оған күмән келтірмеген. Алғашында алған қаражатының бір бөлігін уақытында қайтарып отырғанымен, кейін қайта-қайта ақша сұраған.

Сөйтіп, биылғы ақпан айына қарай қарыз көлемі 7 миллион теңгеге жеткен. Кейін күдікті барлық қаражатты ай соңына дейін қайтаруға уәде беріп, қолхат жазған. Алайда уәде орындалмай, ол байланысқа шықпай кеткен.

Жәбірленуші үш ай бойы ақшасын қайтаруға әрекет жасағанымен нәтиже болмаған соң полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстады. Полицияның мәліметінше, ол өз кінәсін мойындап, түсініктеме берген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.