Қайрат Нұртас Шымкенттегі концерттен кейін сын айтқандарға жауап берді

Қайрат Нұртас Шымкенттегі концерттен кейін сын айтқандарға жауап берді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Шымкенттегі концерттен кейін әнші Қайрат Нұртас пен анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі жазбаларға пікір білдірді. Әзірге әншінің өкілдері оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желіде концертке барған көрермендерді сынаған видео тараған. «Концертке барғанша кітап оқып, дамымайсыңдар ма?» деген мазмұндағы жазбаға Қайрат Нұртас өзінің ресми парақшасынан пікір қалдырған.

«Онда шет ел әншілеріне барып жүре беріңдер)», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол тағы бір пікірінде «Қатты кеттің» деген сөз қалдырған.

Ал әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова да әлеуметтік желідегі жазбалардың біріне үн қатты. Ол концерттегі жағдайға қатысты ұйымдастырушылар мен қауіпсіздік қызметінің жауапкершілігіне назар аударған.

«Күлгендердің басына еселеп келсін, Алла күлкісін тия алмайтындай етіп. Ұйымдастырушы емес, сақтыққа күзеттер жауап беру керек. Біреуге жала салу, ең оңай тәсіл. Қорғай алмаса, пәлен мыңды неге алады екен?» – деп жазды ол.

Еске салайық, 10 қазанда Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концерті дүрбелеңге ұласты, концерт ұйымдастырушысы қамауға алынды.