Путин Қырым көпіріне қатысты мәлімдеме жасады

Путин Қырым көпіріне қатысты мәлімдеме жасады


Президент Владимир Путин Украина билігі террористік әрекеттерін тоқтатпаса, Ресей тарабы қатаң жауап беретінін мәлімдеді. Ол бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

Путин Қырым көпіріндегі жарылысты Киев билігі ұйымдастырды деп айыптады.

"Сот-медициналық сараптамалар мен жедел ақпараттың мәліметтері 8 қазандағы жарылыстың террористік әрекет екенін көрсетеді. Теракт Ресейдің азаматтық маңызы бар инфрақұрылымын жоюға бағытталған. Сондай-ақ, Украинаның арнайы қызметтері терактыны арнайы ұйымдастырғаны анық", - деді Путин.

Еске салайық, бұған дейін Қырым көпірінде болған жарылыстың себебі мен салдарына шолу жасаған едік.